Ербол Қарашөкеев Франциядағы ірі компаниялардың өкілдерімен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 25 ақпан мен 1 наурыз аралығында ҚР Ауыл шаруышалығы министрі Ербол Қарашөкеев Франция және Бельгияда сапармен болады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сапардың негізгі мақсаты - Парижде өтетін «Ауыл шаруышылығы: күнделікті өмір» тақырыбы бойынша SIA-2023 Халықаралық ауылшаруышылық көрмесіне қатысу. Сапар аясында Франция Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марк Феномен және бірқатар ірі француз компанияларымен кездесулері жоспарланған», - деді ресми өкіл ведомствода өткен апталық брифингі барысында.

Сонымен қатар, биылғы 27 ақпанда Е.Қарашөкеев Брюссельде Ауыл шаруашылығы бойынша Еуропа Комиссары Януш Войцеховскимен және Денсаулық сақтау және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Еуропа Комиссары Стелла Кириакидеспен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар