Ербол Қарашөкеев еліміздегі мал басына препараттарды алу тәртібін түсіндірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еліміздегі мал басына препараттарды алу тәртібіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дереу шешуді талап ететін өткір проблемалардың бірі - Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті вакциналарды сатып алуды өзі жүргізеді және оның қолданылуына бақылау жасайды. Уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы инфекциялық аурулардың 23 түрі бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл препараттарды сатып алуды аталған комитет және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары, ал жеткізуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады», - деді Е. Қарашөкеев.

Оның айтуынша, 2021 жылы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті сатып алған ветеринариялық препараттардың жалпы көлемі 136 млн дозаны құрады. Оның ішінде 13 отандық және 7 шетелдік препарат бар.

Бұл жағдай бірқатар проблемаларды тудырды:

1. Ветеринариялық мамандарды функционалдық міндеттерін орындаудан алшақтату, олардың конкурстық рәсімдерді өткізумен байланысты өзіне тән емес жұмыстарды орындауы. 2021 жылы әртүрлі тәсілдермен 6 030 мемлекеттік сатып алу/конкурстар жүзеге асырылды.

2. 2022 жылы отандық өндірушілермен бір көзден тікелей шарт жасасу Қазақстан заңнамасында көзделмеген:

- ұзақ конкурстық рәсімдер салдарынан вакциналар мен диагностикумдарды уақтылы сатып алу және жеткізу бойынша проблема туындайды;

- отандық биологиялық өнеркәсіпті дамыту үшін жағдайлар шектеледі.

Ветеринариялық жүйені реформалау аясында осы мәселелерді шешу үшін мыналар ұсынылады:

- Денсаулық сақтау жүйесінің ұқсастығы бойынша Бірыңғай дистрибьютордың, яғни қызметін сапаны басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асыратын мамандандырылған мемлекеттік компанияның қарамағына бере отырып, отандық және шетелдік өндірушілерден ветеринариялық препараттарды тікелей сатып ала отырып, комитет пен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарынан мемлекеттік сатып алу функцияларын алып тастау. Мұндай тәсіл биологиялық өнеркәсіп кәсіпорындарымен, оның ішінде отандық кәсіпорындармен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға мүмкіндік береді, бұл елдің инвестициялық тартымдылығын арттырады.


Соңғы жаңалықтар