+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Ербол Қарашөкеев: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге мембақылауды күшейту – басты міндеттің бірі

2021 жылғы 17 қыркүйек 20:32
Бөлісіңіз:
Ербол Қарашөкеев: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге мембақылауды күшейту – басты міндеттің бірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қызметімен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда 112 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Министрге бүгінгі таңда топырақ, геоботаникалық зерттеу, топырақ бонитетін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны баяндалды.

Алынған топырақты зерттеу материалдарын салыстырмалы талдау елде топырақ құнарлылығының төмендеуі мен жайылымдық жерлердің тозу үрдісі күшейіп келе жатқанын көрсетеді.

Негізгі себеп – жер пайдаланушылардың жер заңнамасының негізгі талаптарын сақтамауы. Егер мұндай үрдіс жалғаса берсе, 2040 жылға қарай дәнді дақылдардың өнімділігі шамамен 15%-ға төмендеуі мүмкін, деп болжам жасады корпорациядағылар.

«Ақпараттық жүйелерді шоғырландыру арқылы «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін (МЖК ААЖ, ЖМТ МДҚ) құру және енгізу» жобасы аясында Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрын әзірлеудің техникалық бөлігі аяқталғаны баяндалды. Бұл жобаны енгізу жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпараттың ашықтығын және халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Корпорация қызметінің нәтижелерімен танысқан Ауыл шаруашылығы министрі топырақ құнарының нашарлауы ең алдымен жер пайдалануда орын алған жүйелі проблемаларға байланысты екенін атап өтті.

«Атап айтқанда, заманауи цифрлық технологияларға негізделген, жерді пайдалану процестеріне, жалға алушылардың жер заңнамасының талаптарын қалай орындайтынына нақты бақылау жүргізетін мемлекеттің нақты құралы әлі жоқ.

Екінші жағынан жалға алушының Жер кодексінде қарастырылған міндеттемелері жалдау шарттарында көрсетілмеген. Осындай техникалық кемшіліктер де бар. Бұл жауапсыз жер пайдаланушылармен жалдау шартын бұзу үшін дәлелдерді жылдам жинауды қиындатады.

Бұл тек егістік жерлерге ғана емес, жайылымдық жерлерге де қатысты. Сондықтан бүгінгі таңда біздің алдымызда осы жүйелік проблеманы қысқа мерзімде шешу міндеті тұр.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта Министрлік егіс айналымдарының сақталуына нақты бақылау жүргізу, жайылымдардың тозу дәрежесін анықтау үшін ғарыштық мониторингті және Жерді қашықтан зондтауды пайдалана отырып, егістіктердегі өсімдіктердің түрін айқындаудың заманауи әдістемесін әзірлеу мәселелерін пысықтауда.

Екінші жағынан, жер пайдаланушының әрбір жер учаскесі бойынша топырақтың жай-күйі туралы тұрақты негізде нақты ақпарат болуы үшін республикалық Агрохимиялық қызметтің мүмкіндігін заманауи әдістемеге көшіру жоспарлануда.

Осы мәселелерді шешу арқылы ғана біз жерді пайдалану процестеріне нақты бақылау жасап, басты байлығымыз жерді бақылаусыз және өрескел заңбұзушылықпен пайдаланатындарды тоқтата аламыз. Бұл біздің ведомствоның ең өзекті міндеттерінің бірі», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT