Ербол Қарашөкеев: Әлемдік аграрлық ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйенуіміз керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Министр Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі және базалық саланың бірі, сондықтан оны драйвер деп атайды. Сала қызметкерлері өздерінің адал және игілікті еңбектерімен азық-түлік қауіпсіздігін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің экспорттық әлеуетінің зор үлесін қамтамасыз етіп отыр», - деді министр.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы зор әлеуетке ие. Бәсекелестікте оның табиғи артықшылығын шебер пайдалану және дамыту болашақта әлемдік азық-түлік нарығының жетекші көшбасшына айналуға мүмкіндік береді.

«Ол үшін бізге ауыл шаруашылығында жүйелі өзгерістер жүргізу керек, оның мәні жаһандық климаттың өзгеруі және қазіргі әлемдегі басқа да сын-тегеуріндер саланың даму тұрақтылығын арттыруға келіп тіреледі. Бұған саланы әртараптандыру, заманауи инновациялық агротехнологияларды жедел енгізу, цифрландыру, адами капиталдың сапасын арттыру есебінен қол жеткізілуге тиіс», - дейді Ербол Қарашөкеев.

Министр басты байлығымыз – табиғи ресурстарға ұқыпты қарау проблемасын шешудің өзекті екенін жеткізді.

«Жерді, су ресурстарын ұтымды пайдалану, ресурс үнемдеуші технологияларды кеңінен енгізу қызметіміздің негізіне және базалық қағидатына айналуға тиіс. Осының бәрінде біз отандық қана емес, әлемдік аграрлық ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйенуіміз керек.

Саланы жедел дамытуда мемлекеттік қолдау мен реттеу шараларына да маңызды рөл беріледі. Біз оларды ашық, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кең ауқымына қолжетімді және ең бастысы тиімді етуге тиіспіз», - деді ол.

Яғни, осының бәрі, түптеп келгенде, ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілетінің артуына, ауылдық жердің әлеуметтік дамуына, тұрмыс сапасының жақсаруына және ауыл еңбеккерлерінің табысының артуына септігін тигізуі тиіс.


Соңғы жаңалықтар