Ербол Иденов «Даму» қорының Батыс Қазақстандағы филиалының директоры болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кадрлық саясат бойынша комитетінің шешімімен Батыс Қазақстан облысындағы аймақтық филиалының директоры қызметіне Ербол Иденов тағайындалды.

Қордың БҚО-ғы аймақтық филиалының бұған дейінгі директоры Игорь Стексов жақында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.

Ербол Иденов бұған дейін Нұрбанкте корпоративтік бизнес департаментінің директоры қызметін атқарған. Қаңтар айында ол «Даму» қорының БҚО-ғы филиалы директорының бос орны байқауынан сүрінбей өтті.

Байқауға Оралдағы банк филиалдарының директорлары қызметтерін атқарған үш адам, сондай-ақ «Даму» қоры жүйесінің екі бас менеджері қатысты.

Халық банкі, БТА, Жинақбанкі және Нұрбанкте еңбек еткен Е.Иденовтың жұмыс тәжірибесі мол, деп хабарлайды «Даму» КДҚ-ның баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар