Ербол Еділов жаңа қызметке тағайындалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ербол Еділов Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ербол Еділов 1981 жылы 30 қарашада Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында туған.

Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігін, РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы жəне мемлекеттік қызмет академиясын МВА дəрежесімен бітірген. Ганновер жəне Гонконг қалаларында оқыту мен машықтанудан өткен.

2000 жылы «ХАБАР» агенттігі» АҚ штаттан тыс хатшысы.

2002-2017 жылдар аралығында мұнай саласында түрлі қызметтер атқарған.

Н.А. Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қорының өкілі. «KAZENERGY» қауымдастығы Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі. Қазақстан мұнай-газ саласының заңгерлері қауымдастығының мүшесі.

Соңғы жаңалықтар