Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сот процесі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубакіровтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Айта кетейік, сот отырысы БАҚ үшін жабық өтуде.

Отырыс, бүгін сағат 10:00-де басталды. Дегенмен оның өзінде олықылық орын алды. Сотқа Ерасылдың әкесі  - Өмірбек Әубәкіровті сот күзеті процеске кіргізбеді. Оған сот залына жарты сағаттан соң кіруге мүмкін болды.

«Қандай себептермен мені залға кіргізбей жатқаны белгісіз. Маған күте тұруды сұрады», - деді тілшілерге берген сұхбатында Ө.Әубәкіров.

Айта кету керек, сот процесін бақылауға республикалық БАҚ өкілдері көп жиналды. Олар процеске қатысушылардың пікірін білу үшін сот залының сыртында күтуде. Сыртта Ерасыл Әубәкіровтің досы Қайрат есімді жігіт те болды. Дегенмен ол БАҚ өкілдеріне сұхбат беруден бас тартты.

«ҚазАқпарат» тілшісімен болған әңгімеде ол Ерасылмен небәрі 2 жыл таныс болғанын және сотта куәгер ретінде қатысатындығын айтты. Оның сөзі бойынша, қаза тапқан 23 жастағы Е.Әубәкіровтің сотта куәгер ретінде қатысып жатқан достары көп келген.

Еске сала кетейік, сот алдына қылмыс жасады деген күдікпен тартылып отырған Нұрбек Әжімбай,  Виталий Шерстенев пен Андрей Тихоненко шығады. Істі алқа билердің қатысуымен судья Айжан Шаяхметова қарайды.

Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда із-түзсіз жоғалған. 10 ақпанда Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бұдан бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Е.Әубәкіровтің мәйітін тапқан болатын. Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай ұсталды.

А.Мейірбаев қылмыстық істе ең басты күдіктілердің бірі болған. Бірақ кейін Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, 7 мамырда Астана прокурорының келісімімен Аян Мейірбаев босатылды.

null null null  

Соңғы жаңалықтар