+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ералы Тоғжанов: Жауапкершілігі бар ШОБ нысандарының жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалады

2021 жылғы 30 шілде 19:26
Бөлісіңіз:
Ералы Тоғжанов: Жауапкершілігі бар ШОБ нысандарының жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Ashyq жобасына белсенді қатысатын бизнес-қоғамдастық өкілдерімен онлайнда кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда карантин талаптары жеңілдейді Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді Жамбылда карантин талаптары жеңілдетілді

Аталмыш жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылды және бүгінгі күні өзінің тиімділігін көрсетті. Кеңеске мемлекеттік органдардың басшылары, барлық өңірлердің әкімдіктері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ashyq жобасының көшбасшылары қатысты. Қазір Ashyq жүйесінде 45 мыңнан астам кәсіпкерлік объектісі жұмыс істейді, 4 млн астам пайдаланушы тіркелген. Ashyq жобасы енгізілген сәттен бастап «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 23 мыңнан астам келуші анықталды (оның ішінде оң ПТР тесті бар 13 516 азамат және 9 688 – науқастармен қарым-қатынаста болғандар).

Вице-премьер еліміздегі эпидемиологиялық жағдай өте күрделі екенін, 16 өңір «қызыл» аймақта тұрғанын атап өтті. Еліміздің емдеу стационарларындағы төсек орындарының толымдылығы 54%-ға жетті. Денсаулық сақтау жүйесі өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп жүктемемен жұмыс жасап жатыр.

Коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі жағдайды басқару, кәсіпкерлер тарапынан елдегі күрделі жағдайға түсіністікпен қарауы және жәрдемдесуі пандемиямен күресте өте маңызды фактор.

Ashyq жүйесі аясындағы жұмыс әлеуметтік-экономикалық нысандардағы санитария-эпидемиология жағдайын бақылауға алып қана қоймай, бизнестің функционалын жоғалтпауға, жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік берді. Бизнес өкілдері өз тарапынан карантин жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, өздеріне алған барлық міндеттемені одан әрі сақтауды жалғастыратынын және әріптестерін де осыған шақыратынын жеткізді.


«Біз экономиканың дамуын, сондай-ақ 2 млн-нан астам адам жұмыс жасайтын қызмет көрсету секторындағы шағын және орта бизнестің жұмысын тоқтатпау үшін әрқашан кәсіпкерлердің адал жұмысын ұстанамыз. Мемлекеттің сенімді әрі жауапкершілікті бизнеске қолдау білдіргеніне ризамыз», — деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер екі аптаның мониторингі бойынша 2-9 тамыз аралығында үздік көрсеткіштерге ие болған жүйе көшбасшыларына демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік беруді қарастыру туралы бастама көтерді. Бұдан бөлек, Ashyq жобасы көшбасшыларының қоғамдық қозғалысын құру туралы шешім қабылданды.


Е. Тоғжанов мемлекет ШОБ жауапты нысандарының жұмысы үшін барлық жағдайды жасайтынын айтты. Табыс табу мен азаматтардың денсаулығын қорғау арасындағы тепе-теңдікті табу қажеттілігіне шақырды. Сондай-ақ, ол қалыпты өмір тіршілігіне қайта оралудың жалғыз жолы – вакцина алу екенін және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алудың маңыздылығы туралы кең ақпараттық саясат жүргізу керектігін атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келе, премьер-министрдің орынбасары жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, барлық айтылған бастамаларды пысықтауды және қажет болған жағдайда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында келісілген ұсыныстарды енгізуді тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT