Ералы Тоғжанов: Жаңа синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары – жастар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары – жастар. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты тапсырмасын орындау бойынша арнайы кеңесте айтты.

«Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Өкінішке орай, жаңа синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары – жастар. Тек осы жылдың өзінде елімізде 8,5% өсіммен 5 мың есірткі қылмысы анықталды. Бізге бұл бағытта күресу үшін жүйелі шаралар қажет», — деп атап өтті Е. Тоғжанов жиында.


Соңғы жаңалықтар