Ералы Тоғжанов соғыс ардагеріне пәтер кілтін табыстады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда «Батырларға тағзым» шеруі өтті. Ата-бабасының суреттерін зор мақтанышпен ұстаған 5 мыңнан астам азамат орталық көшелермен жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші дүниежүзілік соғысқа Маңғыстау түбегінен 6388 адам аттанған. Олар ортақ мақсат үшін күресіп, жеңіс туын желбіретуге ұмтылды. Соғыс жылдары маңғыстаулық 4200 жауынгер шейіт болып, елге оралмады. Олардың арасында ес-түзсіз кеткендер де бар.

null null


«Жас ұрпақ бейбітшілік өмірдің қалай келгенін ұмытпауы тиіс. Әке, аталарымыздың күшімен соғыста жеңіске жетіп, міне, қазір соның бейбітті, жақсы өмірін көріп жатырмыз», - дейді Құлқайыр Аманбаев.

null

Бүгінде аймақта көзі тірі 16 майдангер қалды. Биыл, жергілікті әкімдік олардың әрқайсысына 250 мың теңгеден біржолғы жәрдемақы берді. Сондай-ақ мереке аясында облыс әкімі Ералы Тоғжанов ерлікпен елге оралған соғыс ардагері Ибрәкім Мәмбетұлына жаңа пәтердің кілтін табыстады. Мұндай игі шараға жергілікті кәсіпкер атсалысты.

Салтанатты шара өлке өнерпаздарының концертіне ұласты. Жастар театрландырылған көрініс қойды.

null null

Соңғы жаңалықтар