+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ералы Тоғжанов Шымкентте ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысын өткізді

2021 жылғы 9 қыркүйек 16:50
Бөлісіңіз:
Ералы Тоғжанов Шымкентте ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысын өткізді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын түсіндіру және орындау жөніндегі жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Шымкент қаласының әлеуметтік нысандарын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысында Вице-Премьер республика бойынша вакцинациямен қамтудың жоғары қарқынының арқасында Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғаны туралы атап өтті. Сонымен қатар Ералы Тоғжанов әкімдіктің алдына мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының барлық мақсатты индикаторларына қол жеткізу қажеттілігі туралы міндет қойды. Сондай-ақ, оқу жылының дәстүрлі форматта басталуына байланысты мектептерде санитариялық нормаларды сақтау жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қаланың медициналық мекемелері ұжымдарымен кездесу барысында Е. Тоғжанов мемлекеттің қаржылық қолдауының арқасында медициналық мекемелер азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

«Низамхан» жеке мектебін аралау барысында Ералы Тоғжанов Шымкент қаласындағы жеке мектептер желісін дамыту бойынша жұмысқа оң баға беріп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Президент Жолдауында елдегі биологиялық қауіпсіздікті және нарықты отандық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді тапсырды. «Химфарм» АҚ, «KazMedPribor» ЖШС аралау барысында мемлекеттік органдарға отандық өндірушілерге қолдау көрсету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сапар соңында вице-премьер Е. Тоғжанов қала басшылығына бірқатар тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT