Ералы Тоғжанов Президентке білім беру саласындағы ахуалды түзету шараларын баяндады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында пандемия кезіндегі оқыту сапасын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен оқу жылы негізінен онлайн форматта өтті. Білім беру сапасына мұның кері әсері болғаны рас. Ахуалды түзету үшін осы бағытта қандай іс шаралар қолға алынды?», - деп сұрақ қойды Президент ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановқа.

Е. Тоғжанов бұл бағытта бірнеше нақты шаралар белгіленгенін айтты.

«Біріншіден, 25 мамырдан 19 маусымға дейін республика бойынша 1 миллионнан аса оқушыны қамтыған қашықтан білім алушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылды. Екіншіден, жазғы уақытта ұстаздар үшін біліктілікті арттыру бойынша пәндік курстар ұйымдастырылды.

Үшіншіден, Білім министрлігі негізгі пәндер бойынша постковидтік білім сапасын қалпына келтіруге арналған арнайы оқу бағдарламасын әзірлеп отыр. Мұнда негізгі бағыт күрделі тақырыптарға байланысты, ол күрделі тақырыптар анықталды, жаңа оқу жылында оларды жетілдіру үшін де арнайы уақыт бөлінеді. Төртіншіден, оқу процесі кезінде артта қалған балалар үшін арнайы жеке және топтық сабақтар да өтеді. Біз сөзбен айтқанда, нақты шаралардың бәрі жүйелі түрде жүзеге асырылады», - деп жауап берді Е. Тоғжанов.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар