+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Ералы Тоғжанов: Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау ел басшылығының назарында

2020 жылғы 27 ақпан 19:42
Бөлісіңіз:
Ералы Тоғжанов: Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау ел басшылығының назарында

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Жапониядағы Паралимпиада ойындарына дайындық аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Паралимпиадалық жаттығу орталығы қызметімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат вице-премьердің аппаратына сілтеме жасап.

Паралимпиадалық жаттығу орталығында Қазақстан құрама командасының оқу-жаттығу жиындары, шетелдік командалармен бірлескен жиындар, сонымен қатар түрлі спорттық бәсекелер өтеді.

Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық құрамасына спортың 13 түрінен барлығы 523 спортшы кіреді.

Естеріңізге салайық, 2019 жылдың мамырында орталықты аралау барысында Президент Қасым-ЖомартТоқаев Токиода өтетін Паралимпиада ойындарында табысты өнер көрсету үшін Қазақстан құрамасына барлық ұйымдастыру және қаржылық қолдау көрсетілетіндігін айтқан болатын.


Паралимпиадалық жаттығу орталығы 2018 жылдың 4 шілдесінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылды.

Қазақстанда әзірге теңдесі жоқ орталық жазғы және қысқы паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар мен спорттық резервті сапалы әрі кәсіби жаттығуына арналып салынған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мұндай орталық АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және Оңтүстік Кореяда ғана бар.

Орталық барлық қажетті құрал-жабдықтармен жарақталған.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановқа орталықты таныстырған ҚР Ұлттық Паралимпиадалық комитеттің төрағасы Қайрат Боранбаев еліміздегі паралимпиада қозғалысының қызметі мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы бұқаралық спорттың дамуы жөнінде әңгімеледі.


Оның айтуынша, орталық құрылысы мен жабдықтау барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың барлық қажеттіліктері ескерілген.

Паралимпиадалық жаттығу орталығында мүгедек спортшылар спорттың 14 түрі бойынша жаттыға алады. Ай сайын мұнда шамамен мүмкіндігі шектеулі 6 мыңға жуық спортшы жаттығады.

Орталықта бейімделген әмбебап цифрлық тренажерлер мен топтық жаттығуларға ыңғайлы аймақтан тұратын жаттығу, ойын және күреске арналған үш спорттық зал жұмыс істеп тұр. Бір атап өтерлігі, орталықты жабдықтауға паралимпиадашылардың өздері де атсалысқан. Мәселен, арбада отырып билеуден ҚР құрамасының мүшесі Ардақ Отарбаев арбаларды жуу орнын жасақтау иедясының авторы.

Ералы Тоғжанов Паралимпиадалық жаттығу орталығының қазіргі заманға сай инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жабдықталуына жоғары баға берді.


Бүгінгі сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары отандық паралимпиада спортының тарихында көру қабілеті төмен спортшылар арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған голболдан Қазақстан Республикасы Кубогының ашылу салтанатына қатысты.

Е.Тоғжанов өз сөзінде елімізде паралимпиадалық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау әрдайым ел басшылығының бақылауында болған және бола бермек. Мемлекет қазір мүмкіндігі шектеулі жандардың өзін дамытуға және толыққанды өмір сүруі үшін барлық қажетті жағдайды жасап отыр. Паралимпиадалық жаттығу орталығының ашылуы осыған дәлел. Сіздердің әрқайсыларыңызда жеңіске деген ынта-жігер жеткілікті. Бірақ жеңіс тұғырының жоғары биігін бағындыру үшін бүгіннен бастап тер төгу қажет. Сіздерге ел үшін жауапты сындарда жоғары жетістіктер тілеймін!», - деді ол.

Екі күнге созылатын байрақты бәсекеге еліміздің 5 өңірінен 40-тан аса голболшы қатысып жатыр.

Голбол Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Спорттың бұл түрі Қазақстанға 2017 жылы келген. Содан бері 3 чемпионат ұйымдастырылды.

Биылғы бәсеке командаға халықаралық аренаға шығуға жол ашады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT