Ералы Тоғжанов: Медицина қызметкерлері 380 мың адамды коронавирустан емдеп шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия кезінде мобильді жасақтар 750 мың рет үйлерге барып жәрдем көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Елбасы кітапханасында өткен медицина қызметкерлерімен кездесуде айтты.

«Пандемия кезінде медицина қызметкерлері өз денсаулығын қатерге тіге жүріп, вируспен күрестің алдыңғы шебінде болды. Бұл жұмыстың нәтижесі – мыңдаған құтқарылған өмір. Пандемия кезінде 380 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп, жазылып шықты. Медицина қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік туды. Қысқа мерзім ішінде азаматтарымыздың денсаулығын сақтауға бағытталған айтарлықтай күш пен қаражат жұмылдырылды. Қысқа мерзімде халықаралық стандарттарға сай келетін 16 жұқпалы аурулар ауруханасы салынды», - деп атап өтті Вице-Премьер.

Үкімет басшысының орынбасары бұл кезеңде өңірлерге 1200-ден астам санитарлық автокөлік, 100 жылжымалы медициналық кешен жіберілгенін атады.

«Қысылтаяң шақта 3,6 мыңнан астам мобильді бригаданың жұмысы жолға қойылды. Өткен жылы мобильді бригадалар 750 мыңнан астам науқастың үйіне барып қызмет көрсетті», - деді Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар