+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Ералы Тоғжанов коронавирустің таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді

2021 жылғы 21 шілде 19:13
Бөлісіңіз:
Ералы Тоғжанов коронавирустің таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды Коронавирус алдында балалардың анағұрлым осал тобы аталды

Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 шілдедегі елдегі эпидемиологиялық жағдай жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Вице-премьер мемлекеттік органдар өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, қысқа мерзімде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша келесі шараларды қабылдауды тапсырды:

- жаңа штаммдардың пайда болуын ескере отырып, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел іс-қимылдардың нақты жоспарын әзірлеу және енгізу;

- «QazVac» отандық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу және оны одан әрі үшінші елдердің нарықтарына шығару мәселесін пысықтау, осы бағытта нақты жол картасын әзірлеу;

- карантиндік шектеулерді сақтауға қойылатын талаптарды қатаңдату мәселесін пысықтау;

- вакцинациялау қарқыны төмен өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды қалыптастыру;

- коронавирусты диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес реанимация бөлімшелері мен жедел медициналық көмек қызметтерін қосымша жарақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар енгізу;

- коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін «Ремдесивир» препаратын орталықтандырылған сатып алу мәселесін шешу жөнінде шаралар қабылдау;

- Ішкі істер министрлігі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалған вакцинациялау паспорттарын жасаудың жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық арнайы топ құрсын;

- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Атамекен» Ұлттық палатасымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, бизнес субъектілерін «Ashyq»бағдарламасына енгізу жөніндегі талаптарды жеңілдетсін.

Ералы Тоғжанов мониторингтік топтар қызметінің маңыздылығын атап өтіп, ІІМ мен әкімдіктерге осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұдан басқа, ВАК «Ashyq» арқылы тіркелген қоғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдарға қатысты шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады. Енді карантин режимінің «қызыл мәртебесі» бар құқық бұзушылардың есімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Сондай-ақ, Вице-премьер Е.Тоғжанов мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне иммундау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялаумен қамтуды арттыру туралы нақты тапсырмалар берді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT