Ералы Тоғжанов Көкжидедегі жерасты суына мұнай ұңғымаларының әсері туралы: Әлі су мұнайдан да қымбат болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Көкжидеден жерасты су кенішінің келешегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздің алдыңыздағы әкім Көкжиде жерасты суы кенішінің маңайындағы мұнай компанияларын ол жерден шығаратынын айтқан еді. Бұл мәселе қазір қалай шешіліп жатыр?», - деп сұрады журналист.

Әкімнің сөзіне қарағанда, келешекте ол жердегі мұнай ұңғымаларының бәрін жою көзделіп отыр.

«Ол жерде 5 компнания жұмыс істеп жатыр. Мәселе өте өзекті және күн тәртібінде тұр. Уақыт өте келе су мұнайдан әлдеқайда қымбат болады. Көкжиденің жерасты суы 300 метр тереңдікте жатыр. Біз мәселені шешудің жолдарын іздеп жатырмыз. Экология министрлігі мен Энергетика министрлігінің бірлескен жоспарына қол қойылған. Олар қазір сондағы 5 компаниямен келіссөз жүргізуде. Жерастына суына қатері бар ұңғымалар кезең-кезеңімен қысқартылады. Жалпы келешекте ұңғымалардың бәрі жою мәселесі қойылып отыр.

Әрине, түрлі нұсқалар бар. Соның ішінде Qazaq Oil көлденеңінен бұрғылау тәсілін ұсынып отыр. Бұл - өте қымбат жоба. Бірақ мәселенің шешімін іздеу керек», - деді Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар