Ералы Тоғжанов Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ералы Тоғжанов ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елордада ҚР Кәсіподақтар федерациясында Бас кеңестің отырысы өтті. Отырыста федерация басшысы Бақытжан Әбдірайым басқа қызметке ауысуына байланысты ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы өкілеттігін тоқтатты», делінген хабарламада.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚРКФ кезектен тыс XXV съезінде кәсіподақтардың жетістіктерін жоғары бағалап, Кәсіподақтар федерациясы қазақстандықтарды Төртінші өнеркәсіптік революцияның жаңа шарттарына әлеуметтік бейімдеу үшін қозғаушы күш болуы тиістігін атап өткен болатын.

Бас кеңестің мүшелері ҚРКФ төрағасы лауазымына 2 кандидатураны - белгілі қоғам және саяси қайраткер Ералы Тоғжановтың және «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаевтың кандидатурасын ұсынды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының Жарғысына сәйкес балама негізде өткен дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайланды.

1963 жылы 13 мамырда Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Батыс Қазақстан облысында туған. 1988 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді. 1988 жылдан 1991 жылға дейін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарды. 1991 жылдан 1994 жылға дейін - ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты. 1994 жылдан 1996 жылға дейін - ҚР Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының ғылыми қызметкері. 1996 жылдан 1997 жылға дейін - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің аға оқытушысы, Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультеті деканының орынбасары. 1997 жылдан 1999 жылға дейін - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Халықаралық құқық факультетінің деканы. 1999 жылдан 2001 жылға дейін Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Астана қаласындағы филиалының директоры, Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры болып қызмет атқарды. 2001 жылдан 2006 жылға дейін - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2006 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.

2008 жылы ақпаннан бастап 2017 жылдың наурызына дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметін атқарды, Ал қыркүйектен бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

2017 жылы наурыз айынан 2019 жылдың маусым айына дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарды.

Заң ғылымдарының кандидаты. Саясаттану ғылымдарының докторы. 2007 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар