+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Ералы Тоғжанов халықтың дәрігерлерге басты шағымдарын атады

2020 жылғы 28 ақпан 19:28
Бөлісіңіз:
Ералы Тоғжанов халықтың дәрігерлерге басты шағымдарын атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына пациенттердің 48 пайызға ғана қанағаттанады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамдар медициналық көмек сапасының нашарлығына шағымданады. Бүгінде пациенттердің 48 пайызы қана көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттаады екен. Халық негізінен ауруханаға жатқызудан бас тартуға, медицина қызметкерлерінің біліксіздігіне, емханаларға мамандарға кезекке шағым түсіреді. Шағымдардың басым бөлігі Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарына және Шымкентке тиесілі», - деді вице-премьер.

Үкімет басшысының орындары медициналық көмектің дер көзінде көрсетілуіне баса назар аудартты.

«Ол жерде түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін, бәрін жалпылай салуға болмас. Әрбір жағдайдың түрлі жайттары болады. Мұның барлығына тыңғылықты тексеріп, түзету қажет», - деді ол.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасарлары өңірлердегі медициналық жабдықтардың тозығы жетіп тұрғанын да баса айтты.

«Жедел жәрдем көліктері бұзылып жатады. Бүгінде олардың орташа тозу деңгейі 43 пайызды құрайды. Медициналық жабдықтармен жабдықталу деңгейі де лайықты емес. Бүгін жекелеген нысандардың тозуына байланысты мәселерді көтердік. Алайда, медициналық жабдықтардың тозуы 80 пайызға жуықтайтын облыстар да бар. Өңірлер мұны жақсы біледі. Сондықтан бұл мәселені де қосымша қарастыру керек», - деді ол.

Осы орайда Ералы Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесе отырып, нақты индиакторлар белгіленген жол картасын әзірлеуді және өңірлік шекте оның орындалуын ай сайын ұсынып отыруды тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT