Ералы Тоғжанов елдегі ТЖ режимінің аяқталуына байланысты брифинг өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел аумағында ТЖ режимінің аяқталуы туралы брифинг өтеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми сайты.

Дүйсенбі күні, 11 мамырда, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ел аумағында төтенше жағдай режимінің аяқталуы туралы брифинг өтеді.

«Шара спикері — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Брифингтің тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен және Хабар 24 телеарнасынан көре аласыздар»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар