USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Ералы Тоғжанов биологиялық қауіпсіздік туралы құжат бойынша пікір білдірді

2021 жылғы 27 қыркүйек 16:22
Бөлісіңіз:
Ералы Тоғжанов биологиялық қауіпсіздік туралы құжат бойынша пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов биологиялық қауіпсіздік туралы құжат бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайының қызметкерлері эвакуацияны қалай жүргізді ҰҚШҰ Бас хатшысы Тәжікстанға көмек көрсетуді ұсынды Алматыдағы жағдай тұрақталды – полиция департаменті

«Биыл Қазақстан тарихында алғаш рет биологиялық қауіпсіздік туралы арнайы заң қабылданбақ. Құжат биологиялық қатермен күрес үшін құқықтық база құрады. Ел қауіпсіздігін болжаудың ұлттық жүйесін құру жоспарланған. Бұл өз кезегінде биологиялық қатерден қорғау бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол отандық дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды өндіруге басымдық берілетінін айтты.

Айта кетейік, биыл қыркүйек айының орта кезінде Мәжіліс депутаттарының алдында «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасы таныстырылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT