ЭРА-ГЛОНАСС бар алғашқы қазақстандық көліктер нарыққа шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде ЭРА-ГЛОНАСС/ЭВАК дабыл батырмасы бар қазақстандық автомобильдердің алғашқы сатып алушыларына кілт тапсыру рәсімі болып өтті. 

LADA Vesta седаны мен LADA XRay кроссовері - төтенше қызметті шақырту жүйесі бар отандық авто өнеркәсібінің алғашқы ұсынымы болып табылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Құрылыс компаниясының бас инженері Виктор Первутинский Қазақстанда жасап шығарылған LADA Vesta седанының алғашқы иегері атанды.

 

«Дабыл батырмасы бар қазақстандық автомобильді бірінші болып алғаныма қуаныштымын. Жолда кез келген жағдай орын алуы мүмкін, әсіресе біздегі климатпен. Төтенше жағдай бола қалса, машина проблеманы хабарлап, көмекке шақырады», - деп қуанышын білдірді Виктор.

«Азия Авто» АҚ президенті Ерік Сағынбаев: «Біз төтенше қызметті шақырту жүйесі бар автомобильді Қазақстанда алғаш рет ұсынғанымызға қуаныштымыз. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, бұл жүйе жыл сайын жолда мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуда», - деп атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар