Ер жігіт қарияны пышақтап өлтірген - ОҚО

None
None
ШЫМКЕНТ. Қазақпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ер жігіт қарияны пышақтап өлтірді. Қанды оқиға Сайрам ауданында болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жанар-жағар май бекетінде жұмыс істейтін 67 жастағы ақсақалды күдікті ақша үшін өлтірген. Сол күні оператордың жалғыз қалғанын білген жігіт бекетке басып кіріп, жәбірленушіні ұрып-соққан. Денесінің бірнеше жеріне пышақ сұққан. Кейінен кассадағы бар ақшаны алып, оқиға орнынан ізін жасырған.

«Осы оқиға бойынша іздеу шарасы жүргізіліп, нәтижесінде Сайрам ауданының 18 жастағы тұрғыны ұсталды»,-деп хабарлайды ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Қолға түскен азамат еш жерде оқымайды және жұмыс істемейді. Ол кінәсін толық мойындаған. Қазір, күдіктіге қатысты «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Алмас Сұлтан 

Соңғы жаңалықтар