Эр-Рияд пен Дамаск сириялық босқындарды қайтаруға жағдай жасамақшы

None
Фото: arabnews.jp
КАИР. ТАСС-ҚазАқпарат - Эр-Рияд пен Дамаск сириялық босқындардың отанына оралуына жағдай жасауға келісті. Бұл туралы сәрсенбіде Джиддада өткен Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Сауд пен Сирия СІМ басшысы Фейсал Микдадтың келіссөздерінің қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтемемен.

«Тараптар (Сирияда бар) гуманитарлық мәселелерді шешу, Сирияның барлық аймақтарына көмек жеткізу үшін қолайлы жағдай жасау, сириялық босқындар мен қоныс аударушыларды тұрғылықты жерлеріне қайтару үшін қажетті жағдай дайындау қажеттілігі туралы келісті (...) және оларға Отанына аман-есен оралуға мүмкіндік беру, сондай-ақ барлық Сирия аумақтарындағы жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететін қосымша шаралар қабылдауға келісті», - делінген Сауд Арабиясының баспасөз агенттігі келтірген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясы мен Сирия елдер арасындағы консулдық қызметтер мен әуе байланыстарын қалпына келтіру туралы сөз қозғады.

«Тараптар екі елде консулдық қызмет көрсетуді қайта бастау және екі мемлекет арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру жөніндегі рәсімдердің басталуын құптайды», - делінген Сауд Арабиясының баспасөз агенттігі келтірген СІМ басшыларының мәлімдемесінде.


Соңғы жаңалықтар