Ер адам Шахтинскідегі қираған үйдің астынан тірі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахтинск қаласында қарасты Шахан кенті қираған көп қабатты тұрғын үйдің астында қалған ер адам тірі табылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«8:12-де қираған үйіндінің астында қалған 32 жастағы ер кісі құтқарылды», - деп мәлім етті Руслан Иманқұлов.

Бұған дейін хабарланғандай,  үйінді астынан 9 көз жұмған адамның денесі аршып алынды . Оның үшеуі ер адам, үшеуі әйел, үшеуі бала. Баланың біреуі 2016 жылғы, екіншісі 2010 жылғы.
Үйінділерді тазартуға 280 адам жұмылдырылған , олардың қатарында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық жәрдем бригадасы, Ұлттық ұланның 52859 әскери бөлімінің ауыр техникасы және жеке кәсіпкерлер бар.
Сонымен қатар, Қарағанды облысы Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентіндегі тұрғын үйдің құлау оқиғасына қатысты Шахан кенті әкімдігі қасынан шұғыл желі  ашылды: 8 (72156) 3-24-17. 
Еске сала кетейік, 1 қаңтар күні 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласы Шахан ауылындағы көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені туралы қоңырау шалынған . Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар эвакуацияланды . Әуелі 1 адамның мәйіті үйінді астынан шығарылған болатын. Кейін екінші тұрғынның денесі үйінді астынан табылды.

Соңғы жаңалықтар