Ер адам электросамокатпен 19 жастағы қызды қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Самокат тепкен адам қызды қағып кетті. Оқыс оқиға 11 шілде күні Мұқанов пен Шевченко көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, электросамокат айдаған ер адам 19 жастағы қызды қағып кеткен. Бұл істі Алмалы аудандық ПБ тергеуге алған.

«Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалады. Соған сәйкес процессуалды шешім қабылданады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар