Ер адам бөтелкелесін өлтірді деген күдікпен ұсталды - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 51 жастағы ер адам бөтелкелесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Іле ауданының Междуреченск ауылында болған.

«27 қараша күні Іле ауданының 51 жастағы тұрғынына қатысты тергеу басталды. Оның үстінен адам өлтірді деген баппен іс қозғалды. Алды ала тергеу мәліметі бойынша, екі ер адам бірігіп ішімдік ішкен, соңы жанжалға әкеліп, 51 жастағы адам бөтелкелесінің тамақ тұсына пышақ жарақатын салған. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Айтуынша, ол қылмыс жасағанына қатты өкінеді. Ішімдіктің буымен осындай қылмысқа барғанын айтады»,- делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламасында.

Қазір күдікті қамауға алынды. Ол жәбірленушіге жедел жәрдемді өзі шақырған.


Соңғы жаңалықтар