Ер адам әйелін бес баласымен бірге тірідей өртеп жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ер адам  үйіне қасақана өрт қойып, онда әйелі өзінің бес баласымен бірге тірідей жанып кетті, деп жазады Жапонияның Jiji газеті.

Қайғылы оқиға Токиодан 100 шақырым қашықтықта солтүстікте орналасқан Хитати қаласында болған. Газет берген ақпараттарға сүйенсек, мерт болған балалар үш жастан он бір жасқа дейін болған. «Жедел жәрдем» балалардың бірін ауруханаға жеткізген, бірақ өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Полицияның мәлімдеуінше, 30 жастағы ер адам үйге қасақана өрт қойғанын айтқан. Алайда оның себебі әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.

Соңғы жаңалықтар