+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Эпидемиялық ахуал жақсарса, дәстүрлі оқытуға кезең-кезеңімен көшеміз – БҒМ

2020 жылғы 14 шілде 21:54
Бөлісіңіз:
Эпидемиялық ахуал жақсарса, дәстүрлі оқытуға кезең-кезеңімен көшеміз – БҒМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі эпидемиялық ахуал жақсарған жағдайда дәстүрлі оқыту форматына кезең-кезеңімен көшеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Ең алдымен, бұл жағдайда балалар мен педагогтардың, жалпы халықтың денсаулығын ескеруіміз қажет. Білім беру саласындағы құзырлы орган ретінде министрліктің сапалы білім мен балалардың денсаулығы арасында теңгерім табуы қажеттігін, оған жауапты екендігімізді түсінеміз. Санитарлық-эпидемиялық ахуалға қарай әр аймақта оқыту форматын ауыстыру бойынша шешім қабылданады. Яғни, жалпы республика бойынша ортақ бір шешім қабылданбайды. Барлығы санитарлық-эпидемиялық ахуалға байланысты болады», - деді вице-министр «Атамекен» ҰКП өткізген онлайн жиналыста.

Оның айтуынша, министрлік дәстүрлі оқыту форматына кезең-кезеңімен көшу бойынша жоспар әзірлеп қойған.

«Егер санитарлық жағдай жақсарса, ең алдымен 1-5 сыныптар оқу процесіне кіріседі. Бұл уақытта 6-11 сыныптар қашықтан оқытылады. Жағдай тағы жақсара түссе, 6-11 сыныптар да штаттық режимге көшіріледі. Мектептерде санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталады», - деді Ш. Қаринова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT