Эпидемиологтар алматылықтарға үндеу жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауа райының күрт суытуы коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін арттырады. Сондықтан санэпидемиологтар алматылықтардан адамдар көп жиналатын орындарға қажетсіз барудан бас таруға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтері бойынша, бүгінге дейін қалада коронавирустық инфекцияның өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жедел респираторлық вирустық инфекциялар санының 2,2 есеге өсуі байқалады.

Ауа райының салқындауымен байланысты қоғамда эпидемиологиялық процестер күшейе түсті. Бұл кезде КВИ инфекциясы адамдар көп шоғырланған жерлерде пайда болады. Осыған байланысты Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі қала тұрғындарына профилактикалық шараларды сақтауды қатаң түрде ұсынады. Адамдар көп болатын жерлерден, әсіресе 65 жастан асқан азаматтар аулақ болғаны жөн.

«Егер сізде ЖРВИ белгілері болса, үйден шықпаңыз, дәрігерді үйге шақырыңыз. Өзіңізді өзіңіз емдемеңіз, балаларды және егде жастағы отбасы мүшелерін жеке бөлмеде оқшаулау арқылы қорғаңыз»,- деді әкімдіктен.

Алматыдағы «Қазгидромет» РМК филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің хабарлауынша, 14-20 қараша аралығында ауа температурасы түнде - 10-15 °С, күндіз - 3-8 °С дейін төмендейді.


Соңғы жаңалықтар