Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы: 6 өңір «қызыл» аймақта тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 9 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәліметке сай, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары бар.

«Жасыл» аймақта Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.


Соңғы жаңалықтар