08:38, 02 Желтоқсан 2021 | GMT +6
Эпидахуалды бағалау матрицасы: «Қызыл» аймақта - Солтүстік Қазақстан облысы ғана
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл аймақта»: Солтүстік Қазақстан облысы.
«Сары аймақта: Нұр- Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.