Эпидахуалды бағалау матрицасы: «қызыл» аймаққа тағы 4 облыс кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2022 жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда облыстары.

«Сары» аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, бүгін «қызыл» аймаққа кірген Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды облыстары кеше 12 қаңтарда «сары» аймақта тұрған болатын. Сондай-ақ кеше «жасыл» аймақта тұрған Ақмола, Қостанай облыстары «сары» аймаққа өтті.


Соңғы жаңалықтар