Эпидахуалды бағалау матрицасы: Атырау облысы «сары» аймаққа өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта : Алматы, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.

Айта кетейік, кешегі жағдай бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта тұрған еді.


Соңғы жаңалықтар