08:27, 09 Қараша 2021 | GMT +6
Эпидахуалды бағалау матрицасы: Ақмола облысы «сары» аймаққа өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.