Эпидахуалды бағалау: Алматы облысы «жасыл» аймаққа шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 78 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде Талдықорған қаласында 15 жағдай, Қаратал ауданында – 11, Талғар ауданында – 10, Алакөл және Панфилов аудандарында 7 жағдайдан, Сарқан, Іле және Қарасай аудандарында 5 жағдайдан, Еңбекшіқазақ, Жамбыл және Кербұлақ аудандарында 3 жағдайдан, Көксу және Ұйғыр аудандарында 2 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 45 адам емделіп шықты. Өңір «жасыл» аймақта.

«17-ақпандағы жағдай бойынша өңірде 621 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 71 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 2780. Төсек-орын жүктемесі – 22,3 %. Жансақтау бөлімінде 21 адам ем қабылдауда. Жансақтау бөліміндегі төсек орындардың жүктемесі 7,5 % құрайды (280 жатын орын).

Соңғы 3 күнде 5699 адамның коронавирусқа сынамалары зертханаларда тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомсвтоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 978 321. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1379. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 887 010. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны 1447 адам.


Соңғы жаңалықтар