EPAM қазақстандық кеңсесін 10 мың қызметкерге дейін кеңейтпек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – EPAM қазақстандық кеңсесін 10 мың қызметкерге дейін кеңейтпек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында АҚШ-та болғанымда Microsoft, EPAM, Coursera сияқты компаниялардың басшылығымен кездесулер өткіздім. Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдету және біздің елде оқшаулау туралы нақты келісімдерге қол жеткізілді», - деді Қазақстан Президенті «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы барысында.

Мемлекет басшысы америкалық бірқатар компания Қазақстандағы кеңсесін кеңейтуге ниетті екендігін жеткізді.

«Мәселен, EPAM қазақстандық кеңсесін 10 мың қызметкерге дейін кеңейтуді, ал әлемдегі ең ірі Binance криптобиржа Қазақстанда бүкіл өңір үшін хаб құруды жоспарлап отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аталған компания 1993 жылы Америкада құрылған, атауы Effective Programming for America деген сөздердің қысқарған түрінен шыққан.

Бағдарламалық қамтамасыз ету, консалтинг қызметтерін көрсетеді. 40-тан астам елде, соның ішінде Қазақстанда өкілдігі бар.

Соңғы жаңалықтар