ЕО жеке инвестициялар саласында Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтпақ

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Еуропалық одақ Орталық Азияның сенімді серіктесі болып саналады. Бүгін Бішкекте «Еуропалық одақ – Орталық Азия» экономикалық форумында ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакала осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия әлі күнге дейін тиісті деңгейде шектеу іс-шараларын орындауға мәжбүрлеп отыр. Сондықтан біз осында шектеулі форматта жиналып отырмыз. Осы орайда онлайн платформа арқылы форумға қосылу мүмкіндігін жасалды. Еуропалық одақ Орталық Азияның сенімді серіктесі болып саналатынын атап өткім келеді. Біз осы мүмкіндікті тиісті деңгейде пайдаланғымыз келеді», - деді Тери Хакала.

Сонымен қатар ол Тәуілсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатқан елдерге өз құттықтауын жеткізді.

«Сіздердің реформаларыңыз жолында Еуропалық одақ үнемі бірге болды. Біз «жасыл» экономиканы дамытуға, бәсекеге қабілеттілікті көтеру, сондай-ақ Орталық Азия экономикасын пандемияға дейінгі кезеңге қалпына келтіруде қолдау жасауға мүдделіміз. Осы орайда түрлі мүмкіндіктерге қол жеткізу мен тиісті мақсаттарға жету үшін жол ашылады», - деді ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі.

Бұл тұрғыда ол цифрландыру және іскерлік ортаны жақсартуға екпін қойылып отырғанын атап өтті. Осы бағыттарда бірлесе атқаратын қадамдарды пысықтау керек. Сондықтан егжей-тегжейлі талқылау алдағы жылдардағы жұмыстарға тың серпін береді.

Оның пайымынша, Еуропалық одақ ірі жеке инвестициялар көзі ретінде Орталық Азияда бірлесе жұмыс істеуде жоғары әлеуетке ие.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Бішкекте Премьер-Министрлер деңгейінде «Еуропалық одақ – Орталық Азия» экономикалық форумы басталды.


Соңғы жаңалықтар