ЕО-тың Орталық Азиядағы арнайы өкілі лаңкестік ұйымды Ислам мемлекеті деп атамауды қолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі Петер Буриан мырза лаңкестік ұйымды Ислам мемлекеті (ИМ) деп атамау идеясын қолдап отыр.

Бұл пікірін ол бүгін Астанадағы баспасөз мәслихаты кезінде айтып өтті.

«Әрине, мұндағы идея «мемлекет» атауы мен «Ислам мемлекеті» атауын қолданбау керек екенінде болып отыр, өйткені олардың арасында ортақ ештеңе жоқ (лаңкестік пен діннің арасында - авт.). Біздің азаматтарымызға бұл ұйымның дінмен еш байланысы жоқ екенін айқын түсіндіріп беру өте маңызды», - деді П.Буриан. Ол сондай-ақ экстремизмнің тек Орталық Азияға емес, бүкіл әлемдік қауымдастыққа қауіп төндіріп тұрғанын атап өтті. «Бұл шынымен де өркениетке, демократияға, адамдардың қалыпты өміріне қарсы бағытталған құбылыс. Сондықтан бүкіл халықаралық қауымдастықты бұл құбылысқа қарсы күреске жұмылдыру керек», - деді Еуроодақ өкілі.

Соңғы жаңалықтар