ЕО-тың «Қазақстандағы сот реформасын қолдау» жобасы іске қосылды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ЕО-тың «Қазақстандағы сот реформасын қолдау» жобасы іске қосылды. Осыған байланысты, аталған жобаның аясында әділет және пенитенциарлық жүйе реформасы саласындағы халықаралық сарапшы Томас Паттерсон Қостанай облысына келді.

Бұл туралы Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінен хабарлады.

«Еуразиялық Одақтың (ЕО) халықаралық сарапшысы сапар қорытындылары бойынша қанағаттанушылығын білдіріп, Қостанай ҚАЖ пробация қызметінің жұмысымен танысып өтті. Әділет және пенитенциарлық жүйе реформасы саласындағы халықаралық сарапшы Томас Паттерсонның бұл сапары ЕО-тың «Қазақстандағы сот реформасын қолдау: қылмыстық әділеттілікті қылмыстық процесс реформасына және сот актілерін орындау тәртібіне қолдау көрсету жолымен арттыру», - деп атап өтті әңгіме барысында облыстық ҚАЖ департаментінің өкілі Динара Молдабаева.

Аталған жобаның мақсаты - заңның ұлықтылығы және Қазақстандағы сот реформасын әділ сот жүйесін ізгілендіру саласындағы ұлттық стратегияны іске асыру жолымен қолдау жолымен нығайту.

3
null

Соңғы жаңалықтар