ЕО Орталық Азиядағы экология мәселелерін шешуге 100 млн еуро бөлмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Римде Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның қоршаған орта және су ресурстары саласындағы ынтымақтастығы жөнінде екінші күн қатарынан жиын өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференцияға қатысушылардың бірі - ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің ынтымақтастық жөніндегі басшысы Йоханнес Бауэр іс-шараның Қазақстан үшін маңызы туралы айтты.

«Бұл 2019 жылдан бері алғаш рет өткізіліп отырған маңызды конференция. Орталық Азиядағы қоршаған орта мен су ресурстары мәселелерінің талқыланып жатқаны өте маңызды. Біз Еуропалық одақ пен басқа донорлар осы сұрақтарға жауап беруі үшін аймақ елдеріне қалай көмектесе алатынын талқылаймыз. Қазақстан үшін, әрине, су ресурстары мәселесі маңызды» , - дейді Й.Баур.

Йоханнес Бауэр өз сөінде Қазақстандағы өнеркәсіпті жаңғырту саласында жасыл экономиканы енгізуге болатын түрлі стандарттар бар екенін тілге тиек етті

Сондай-ақ шетелдік маман ЕО өткен жылдың қараша айында Самарқандтың өзара байланыс жөніндегі конференциясында айтылған «Team Europe» бастамасы аясында өңірге 100 млн еуро бөлуді жоспарлап отырғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар