ЕО өкілі Сирияның Идлиб аймағындағы қақтығысты тоқтатуға шақырды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарт - ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель Сирияның Идлиб аймағында жалғасып жатқан шиеленісті тез арада тоқтатуға шақырады. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі блогында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.



«Идлибте болып жатқан шиеленісті дереу тоқтату керек. Үлкен ашық халықаралық әскери қақтығысқа түсу қаупі бар. Бұл сондай-ақ, салдары ауыр қайғы-қасірет тудырады және қарапайым тұрғындарға қауіп төндіреді», - деп жазды Боррель.

«ЕО барлық тарапты жылдам эскалацияға шақырады. ЕО қауіпсіздік мүдделерін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қарастырады. Біз барлық мүдделі қатысушылармен байланыстамыз», - деп көрсеткен еуропалық дипломатия басшысы өз жазбасында.


Соңғы жаңалықтар