ЕО-ның сегіз елі Швецияға орман өртімен күресуге көмектесіп жатыр

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуроодақтың сегіз елі Швециядағы орман өртімен күресуге қатысып жатыр. Скандинавия елінде бірнеше аптадан бері тілсіз жаумен күрес жүріп жатыр. Бұл туралы дүйсенбіде Еурокомиссия мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«ЕО азаматтық халқын қорғау тетігі арқылы Италия, Франция, Германия, Литва, Дания, Португалия, Польша және Аустрияның 7 өрт сөндіру ұшағы, 7 тікұшақ, 60 автомобиль мен 340-тан астам адам тартылды», - деп хабарлады ЕК.

Еуропадағы ыстық ауа райы Швецияда өрттің шығуына себеп болды. Өрт сөндірушілер орман өртінің ондаған ошағын бақылауға алуға тырысып жатыр. Өткен аптада швед билігі ЕО-дан табиғи апатпен күресуге көмектесуін сұраған еді. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар