ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларының бесінші пакетіне мұнай эмбаргосы кірмеді

Фото: None
БРЮССЕЛЬ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейге қарсы мұнай эмбаргосы ЕО-ның бесінші санкциялар пакетіне кірмейді, бірақ ЕО СІМ басшылары оны 11 сәуірде қарайды. Бұл туралы ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Хосеп Боррель НАТО СІМ басшыларының кездесуіне келгенде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Мұнай эмбаргосы қазіргі санкциялар пакетіне кірмейді, бірақ министрлер оны дүйсенбі күні қарайды», - деді Боррель.

Ол ЕО елшілерінің Ресейге қарсы санкциялардың бесінші пакетін сәрсенбі күні келісе алмағанын, бірақ шектеулердің бұл блогын бүгін, жоқ дегенде ертең қарайтынына үміттенетінін алға тартты.

«Бесінші санкциялар пакетін алдымен тұрақты өкілдер, содан кейін СІМ басшыларының кеңесі мақұлдайды деп үміттенемін. Қазір қара тізімге кіретіндер тізімін талқылап жатыр. Олар бүгін немесе ертең қабылдануы мүмкін», - деді ол.

Баррель осы аптаның соңында Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенмен бірге Киевке барып, жаңа санкциялар пакетін жариялауға үміттенетінін еске салды.


Соңғы жаңалықтар