ЕО мен Ұлыбритания Brexit бойынша келісімді мақұлдады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – ЕО мен Лондон Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Бұл ЕО мен Ұлыбритания үшін әділ әрі салмақты шешім болды. Сондай-ақ, ол біздің мәселенің шешімін іздеп жатқандығымыздың дәлелі»,- деп жазды Twitter-де Еурокомиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер.

Ол 17-18 қазанда өтіп жатқан ЕО саммитінде Еуроодаққа мүше елдердің көшбасшыларына келісімді мақұлдауға кеңес береді.

Сондай-ақ, Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Twitter-де Еуроодақтан шығу бойынша келісімге қол жеткізгенін жазды.

«Біз бақылауды қайта қолға алуға мүмкіндік беретін жаңа керемет келісім жасастық. Енді басқа да басым мәселелерге көңіл аудара алуымыз үшін парламент Brexit-ті сенбі күні аяқтауы керек», - деп жазды ол.

Автор: Тимур Дүйсекеев.

Соңғы жаңалықтар