ЕО мен БҰҰ әйелдер мен балаларға қарсы зорлықты шектейтін бағдарламаны іске қосты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропалық одақ пен Біріккен Ұлттар ұйымы әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылықты шектеуге бағытталған бағдарламаны іске қосты. Шараға ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемияның ауыр салдарының бірі – бүкіл әлемде әйелдерге деген зорлық-зомбылықтың көбеюі. Сол себепті «Spotlight» («Жарық сәулесі») бастамасының маңызы өте зор. Бастаманың Халықаралық адам құқығын қорғау күні қарсаңында жолға қойылуының да мәні бар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жарық сәулесі» бастамасын аймақтық бағдарламасын ұлттық және аймақтық деңгейде жүзеге асыруды тапсырды. Пандемия өзінің әлеуметтік-экономикалық ықпалымен бүкіл әлемдегі гендерлік теңдік бағытында жеткен прогрестеріміздің бәріне кедергі келтірді. Алайда Қазақстанда бұл бағытта барынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар бұл біздің «Қазақстан – 2050» стратегиямыздың басым бағыттарының бірі. Қазақстан гендерлік теңдік пен елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі әйелдердің рөлін бекемдеу бағытында әлемдік стандарттарға жету үшін барынша күш салып жатыр. Осы жылдың басынан бастап әйелдер мен балаларға жыныстық қылмыс жасағандарға қылмыстық жауапкершілік күшейтілді», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Министр сонымен қатар қазіргі уақытта Қазақстанның Парламенті тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес институтын бекемдеу жөніндегі заң жобасын әзірлеп жатқанын айтып өтті.

«Қазақстан алдағы уақытта да теңдікке төр беру, әйелдердің шеттетілуіне қарсы тұру, тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту бағытына өзі қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындайды», - деді Мұхтар Тілеуберді.


Соңғы жаңалықтар