ЕО Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды мемлекет деп қарастырып отыр – Словакия депутаты

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Словакия депутаты Петер Кмец Еуропа одағындағы Қазақстанның маңызды рөлін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екіжақты қарым-қатынасты дамыту бағытында Қазақстан Орталық Азиядағы өте маңызды мемлекет саналады. Қазіргі кезде Еуропа Одағы мен Қазақстан арасында өте тығыз байланыстар орнап жатқанын көріп отырсыздар. Біріншіден, энергетика саласындағы ынтымақтастыққа ерекше екпін қойылған, өйткені Қазақстан бұл бағытта мықты ойыншылардың біріне айналып келеді», - деді Петер Кмец елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.

Петр Кмец Қазақстандағы Парламент депутаттарын сайлау кезеңіне халықаралық байқаушы ретінде келді. Осы орайда ол еліміздегі дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтіп жатқанын айтты.

«Сайлаушылар Парламенттегі және өңірлік құрылымдардағы саяси билік өкілдерін таңдауға өте жоғары жауапкершілікпен келіп отыр. Парламент Мәжілісінің депутаттары сайланғаннан кейін, Словакия депутаттары Қазақстандағы әріптестерімен достық қарым-қатынасты нығайтып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймын», - деді Петер Кмец.


Соңғы жаңалықтар