ЕО: Германияның азаматтық авиациясында олқылықтар орын алған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі болғандай, Еуропаның авиациялық қауіпсіздік агенттігі біраздан бері Германияның азаматтық авиация басқармасының жұмыс деңгейіне алаңдатушылық білдірген.

Агенттіктің өкілі ұйымның ГФР-ның авиациялық билік көздеріне олардың ұшу қауіпсіздігі ережелерін сақтамауына қатысты бірнеше рет ескерту жасағаны туралы хабарлады.

Германияның азаматтық авиация басқармасы өткен жылдың қараша айында Еуропаның авиациялық қауіпсіздік агенттігінен бірқатар кемшіліктерді жою нұсқау алған, оның ішінде ұшақтар мен олардың экипаждарының қажетті тексерістерін өткізетін қызметкерлердің жетіспеуі сияқты олқылықтар болған.

Бұған дейін Францияның билік көздері ішінде 150 адам болған немістің Germanwings компаниясының ұшағының апаты салдарынан қаза тапқан адамдарды іздеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Испаниядан Германияға ұшқан А320 жолаушылар ұшағы 24 наурызда франциялық Альпі тауларында құлады. Онда болған барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар