ЕО елдерінің басшылары одақтың болашағына қатысты Рим декларациясына қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуроодаққа мүше 27 мемлекет қоғамдастықтың Ұлыбританиясыз болашағына қатысты декларацияға қол қойды. Құжатқа қол қою салтанатты рәсімі Римдегі Капитолий шыңында өтті. Онда қазір Рим келісімінің 60 жылдығына байланысты ЕО саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды ТАСС.

Қоғамдастыққа мүше елдердің мемлекет басшылары мен үкімет басшылары декларацияға қол қою үшін президиум столына кезекпен келіп жатты.15 минуттық процес барысында журналистердің назары Польша премьер-министрі Беат Шидлоға ауды. Ол құжатқа қол қою үшін барған кезде бірдеңеден күмәмданғандай ойланып тұрып қалған. Алайда бірнеше секундтан соң ол құжатқа қол қойған.

Ең соңғылардың бірі болып декларацияға ЕО пен Еурокеңес институтының басшылары Дональд Туск, Еурокомиссиядан Жан Клод Юнкер, Еуропарламенттен Антонио Таяни қол қойды. Декларация қоғамдастықтың Ұлыбританиясыз дамуының 4 бағытын қарастырады.

Құжатта ЕО көшбасшылары «Рим күн тәртібі» бойынша жұмыс істеуге келіскендігі туралы атылған. Олар: «Қауіпсіз Еуропа», «Өркендеп келе жатқан тұрақты Еуропа», «Әлеуметтік Еуропа», «әлемдік сахнадағы нығайған Еуропа» сияқты бағыттарды қамтиды.

Соңғы жаңалықтар