ЕО елдері туристерге қатысты ережелерді өзгертіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропа Одағының елдері туристерге қатысты ережелерге өзгерістер енгізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Еуропаға баратын туристер қандай бір елге бару үшін ұдайы өзгеріп отыратын ережелерді бақылап отыруы қажет. Германия жексенбіден бастап екпені толығымен алмаған туристерден коронавирусқа тестілеудің теріс нәтижесі мен жақында ауырғаны туралы анықтама талап ете бастады. Бұл он екі жастан асқан барлық адамға, сонымен қатар елге автокөлікпен келушілерге де қатысты.

Берлинде тамыздың алғашқы күндері жүздеген демонстрант санитария шектеулері мен вакциналауға қарсы наразылық акциясына қатысты. Оны өткізуге үкімет рұқсат бермеген. Кейбір адамдардың қолында «Еркіндік», «Корона - диктатураға жол жоқ» деген жазуы бар плакаттар болды. Демонстранттар тобы полициямен қақтығысты. Нәтижесінде тәртіп сақшылары бірнеше адамды ұстады.

Дания шектеу шараларын жеңілдетіп жатыр. 500-ден жоғары орны бар театрлар мен кинотеатрларға бару үшін енді «денсаулық паспорты» талап етілмейді.

Португалияда бірінші тамыздан бастап эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты кейбір аудандарда енгізілген комендант сағаты алынып тасталды. Дүкендерге, мейрамханалар мен барларға түнгі екіге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Францияның Марсель қаласында «Орандж Велодром» стадионына отыз мыңға жуық көрермен қайта оралды. Мұнда «Олимпик Марсель – Вильярреал» жолдастық матчы өтті.


Соңғы жаңалықтар