ЕО елдері Қазақстанмен стратегиялық серіктестік келісімін ратификациялайды - Дональд Туск

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таяу уақытта Еуропалық одақтың барлық елі Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялайтын болады.

Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден кейінгі БАҚ өкілдеріне арнаған бірлескен мәлімдеме барысында Еуропалық кеңес Президенті Дональд Туск айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуропалық одақ таяуда Орталық Азиямен және оның барлық елдерімен серіктестікті нығайту үшін өзінің стратегиясын айқындады. Қазақстан бұл өңірдегі ЕО үшін негізгі серіктес саналады. Сіздің ел Еуропа мен Шығыс, Ресеймен Оңтүстік Азия арасында көпір саналады. Орталық Азия бойынша жаңа стратегиямызда біз қуатты әрі заманауи серіктестік қалыптастыруды, энергетика, көлік және цифрлық коммуникациялар саласындағы серіктестікті нығайтуды ұсынамыз», - деді Еуропалық кеңес Президенті.

Сонымен қатар ол Еуропалық одақ Қазақстанның бірінші сауда серіктесі әрі шетелдік инвесторы екендігін баса айтты.

«ЕО мен Қазақстан арасындағы серіктестікті кеңейту туралы келісімді таяуда ЕО-ның барлық елдері ратификациялайтын болады. Біз оны жүзеге асыруды бастап та кеттік. Бұл зорлық-зомбылық экстремизмі немесе экология мәселелері сияқты өңірлік сын-тегеуріндерді қарау үшін жақсы негіз бола алады», - деді Дональд Туск.

Дональд Туск Қасым-Жомарт Тоқаевпен қазіргі уақытта Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістерді де талқылағандығын атап өтті.

Қазақстанға саяси қуғын-сүргін құрбадарын еске алу ұлттық күнінде келуім толқытты. Бүгін барып тағзым ететін АЛЖИР кешені адам рухының тоталитаризмге мықтылғын нышандық түрде еске салады. Менің көптеген отандастарым Гулагта өмірін қиды», - деді Дональд Туск.

Соңғы жаңалықтар